Қоғам

Олимпиада чемпионына құны 25 миллион теңге пәтер сыйға беріледі

CC0 / / Пәтер
Пәтер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Билік өкілдері Дмитрий Баландинге Алматыдан үш бөлмелі пәтер алып бермек

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Үкімет 2016 жылғы жазғы олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер алуға 38 миллион теңге қаражат бөлгелі отыр.

Надежда Скардино, Ирина Кривко, Динара Әлімбекова және Дарья Домрачева - Sputnik Қазақстан
Әлем
Лукашенко Олимпиада чемпионы болған қазақ қызын марапаттады

"Қазақстан Республикасы үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" тиісті қаулы электронды үкімет порталында жарияланған.

"Рио-де-Жанейро қаласында өткен XXXI жазғы Олимпиада ойындары чемпиондары мен жүлдегерлеріне баспана алу үшін 2018 жылғы республикалық бюджетте қарастырылған үкімет резервінен Мәдениет және спорт министрлігіне 37 миллион 920 мың теңге қаражат бөлінсін", — делінген құжатта.

Жүзуден олимпиада чемпионы Дмитрий Баландинге Алматыдан құны 24 миллион 990 мың теңге тұратын үш бөлмелі пәтер әпермек. Бокстан қола жүлдегер Дариға Шәкімоваға 12 миллион 930 мың теңге тұратын бір бөлмелі пәтер сыйға тартылады.

Құжаттың қоғамдық талқылауы 13 наурызға дейін созылады.

Жаңалықтар
0