Өңірлер

Атырауда елімізге танымал әншінің концертіне 9 адам ғана келді

CC0 / Pexels / Микрофон
Микрофон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бауыржан Исаевтың концерті өтетіні халыққа хабарланбаған

АСТАНА, 28 ақпан — Sputnik. Белгілі әнші Бауыржан Исаев 20-21 ақпан күндері Атыраудағы М. Өтемісұлы атындағы академиялық драма театрда концерт қойды. Оның келетіні халыққа алдын ала хабарланбағандықтан, бірінші күні залда тек тоғыз ғана көрермен болды, деп жазды Ақ Жайық газеті.

 Әншінің концертіне билеттер мекемелерге сатылған, сол себепті қалада хабарландырулар ілінбепті.

Қайрат Нұртастың концерті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Әнші мен әртісті ақшаға үйреткен байлар" немесе қазақ мәдениетіндегі аш бала кім, тоқ талант кім?
Концерт басталар уақытта залға адам жиналмаған соң, жұрт кейінге қалдырылған шығар деп топшылап отырғанда әнші сахнаға шыққан. 

"Не деген көпсіздер!" деп сөзін бастаған Бауыржан Исаев 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы концертінде небары үш адам жиналғанына қарамастан концерт өткізгенін есіне алды. "Оның қасында тоғыз адам әжептәуір ғой" деп әзілдеп те қойды. Жалпы, концерт бойы әнімен ғана емес, әзілімен де көрермен көңілін көтеріп отырды. Өзі туралы да айтқан. 1979 жылы Шымкент облысында туған әнші кіші жүздің тама руынан екен. Бүгінде үш қыздың әкесі", — деп жазды басылым. 

Келесі күні концерт болардың алдында театр залында әнші сұхбат берді.

Өзінің айтуынша, мінезі ауырлау болғандықтан продюсерсіз жұмыс істеп жүр екен.

"Әкімшілерге менімен жұмыс істеу кішкене қиындық тудырады. Сол себепті мен әкімшінің, ұйымдастырушылардың жұмыстарын өзім атқарамын", — дейді ол. 

Әнші соңғы кездері теледидардан не себепті көрінбей кеткенін де түсіндіріп өтті.    

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Вице-министр: Димаш бір күнде жарқ еткен, елімізде мойындалмаған әнші емес
"Мен 2013 жылы Алматыда ең бірінші есеп беру концертімді қойғаннан кейін Астанаға көштім. Сонда қоныс аударғаныма бес жылдай болды. Астана ұнады, Астана мені жылы қабылдады. Болашақтың қаласы. Журналистердің жиі қоятын сұрағы сол – көрінбей кеттіңіз дейді. Мен бұл сұраққа жауап беруден шаршамаймын. Негізі уақытымың көбісі дәріс алу, тәжірибе жинаумен өтті. Шымкент қаласында музыка колледжінде оқыдым, одан кейін Алматы қаласында Құрманғазы атындағы консерваторияда, одан кейін аспирантурада оқыдым. Оның бәрі 10-12 жылға созылды. Бармын, сахнадамын. Тыңдармандарды, көрермендерді әлі де жақсы әндермен қуантамын деп ойлаймын", — дейді Бауыржан Исаев. 


Жаңалықтар
0