Оқиға

Ұзынағашта төтенше жағдай жарияланды

© Photo : Нацгвардия РКАлматы облысының Ұзынағаш ауылын еріген қар суы басып қалды
Алматы облысының Ұзынағаш ауылын еріген қар суы басып қалды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысы Жамбыл ауданының билігі су басқан Ұзынағашта төтенше жағдай жариялады

АСТАНА, 28 ақпан — Sputnik. Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері сейсенбі күні кешке Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы су басқан үйлердің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді. 

Алматы облысының бес ауданы мен Талдықорған қаласындағы үйлерді бірнеше күннен бері еріген қар суы басып жатыр. Аудан билігі жергілікті ауқымда ТЖ режимін жариялап, әскерилерді көмекке шақырды.   

"Сағат 20:00 шамасында жеке құрамның күшімен Қонаев көшесіндегі үш үйдің тұрғындары көшірілді. Апаттан құтқару жұмыстарын жүргізуге 90-нан астам әскери қызметкер және 10 техника бөлінді", — деп жазылған Ұлттық гвардияның хабарламасында.  

© Photo : Нацгвардия РКАлматы облысының Ұзынағаш ауылын еріген қар суы басып қалды
Алматы облысының Ұзынағаш ауылын еріген қар суы басып қалды - Sputnik Қазақстан
1/2
Алматы облысының Ұзынағаш ауылын еріген қар суы басып қалды
© Photo : Нацгвардия РКАлматы облысының Ұзынағаш ауылын еріген қар суы басып қалды
Алматы облысының Ұзынағаш ауылын еріген қар суы басып қалды - Sputnik Қазақстан
2/2
Алматы облысының Ұзынағаш ауылын еріген қар суы басып қалды
1/2
Алматы облысының Ұзынағаш ауылын еріген қар суы басып қалды
2/2
Алматы облысының Ұзынағаш ауылын еріген қар суы басып қалды

Ұлттық гвардияның әскери қызметкерлері ауылдағы жұмысты жалғастыруда: арықтарды тазалап, құм салынған қаптардан бөгет жасап, ауыл тұрғындарына үйдің ауласынан еріген қар суын шығаруға көмектестіп жатыр.   


Жаңалықтар
0