Саясат

Назарбаев Батыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алтай Көлгінов президентке өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер туралы баяндады

АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы ұлттық қауіпсіздік туралы сөз қозғады
Алтай Көлгінов Қазақстан президентіне өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштердің өскені туралы, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың  жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады.

– Облыста әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақты. Қабылданған мемлекеттік бағдарламалар белсенді түрде іске асырылып жатыр. Соның нәтижесінде экономикада оң үрдістердің орын алғаны байқалуда, – деді Батыс Қазақстан облысының әкімі.

Сонымен қатар А.Көлгіновтің мәліметіне сәйкес, 2017 жылдың қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп, қайта өңдеу секторы мен құрылыс салаларындағы көрсеткіштердің артып келе жатқаны атап өтілген. Жалпы өнім көлемі 2,2 триллион теңгеге жеткен.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді. 


Жаңалықтар
0