Қоғам

Еліміздің кей өңірлерінде жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады

© Sputnik / Алексей Панов / Медиабанкке өтуКүшті жел
Күшті жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер 27 ақпанға болжам жасады

АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik.  Синоптиктердің болжауынша бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа-райы құбылмалы, кей жерлерде жауын-шашынды болады, тек республиканың шығысында күн ашық. Кей жерлерде жел күшейеді, жаяу бұрқасын болады, солтүстігі мен оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Республиканың басым бөлігінде тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей уақытта 30 м/с дейін күшейеді, Жамбыл, Қызылорда облыстарында көктайғақ болады. 

Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Атырау, Павлодар  облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Атырау облысында көктайғақ болады. 

Қостанай,  Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.


Жаңалықтар
0