Спорт

Қазақстандық гимнаст Австралияда ауыр жарақат алды – видео

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуСпорттық гимнастикадан жарыс, архивтегі фото
Спорттық гимнастикадан жарыс, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Милад Карими желідегі оқырмандарына гимнастикалық қоссырықтан құлап кеткен сәтін көрсетті

АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. Қазақстанның спорт шебері Милад Карими Мельбурндегі Әлем кубогының екінші кезеңінде өнер көрсетіп жатып жарақат алды.  

18 жастағы гимнаст қоссырықтан құлап кетіп, қолын қатты жарақаттап алған.   

 

 

"Маусым да аяқталды. Сүйегімді үш рет сындырдым, жарықшақ та түсті", — деп жазды гимнаст.

Спортшы өзіне ота жасалғанын хабарлады.   

 

 

Кубоктың бұл кезеңін екінші бір қазақстандық жеңіп алды. Қазылар Нариман Құрбановтың өнерін жоғары бағалаған.  

Алматылық Милад Карими өткен жылы Катардағы гимнастикадан әлем чемпионатында "күміс" иеленген болатын.   


Жаңалықтар
0