Өңірлер

Ақтөбелік келіншектің өз тағдыры туралы спектаклді көруге дәті шыдамады

© AFP 2024 / GALI TIBBONПаранджа киген әйел, архивтегі сурет
Паранджа киген әйел, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өз тағдырын сахналауға рұқсат берген ақтөбелік келіншек қойылымның соңына дейін шыдамай, залдан шығып кетті

АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. Ақтөбеде "Үлкен сұрақ" деген атаумен "сақалдылар" жайлы кезекті туынды сахналанды, деп хабарлайды "Тілші". 

Өзінің бастан кешкендерін сахналауға рұқсат берген келіншек спектакльдің соңына дейін шыдамай, залдан шығып кетті. 

Ұшақ, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы – Мәскеу әуе рейсіне діни ағымдағы 6 жолаушыны мінгізбей қойды
Өз өмірін сахнадан көрген келіншек көз жасына ерік берсе керек.

Айта кетейік, Ақтөбедегі "Аңсар" орталығы мемлекеттік тапсырыс аясында "Үлкен сұрақ" қойылымын сахнаға шығарған болатын. Орталық директоры Жандәулет Сүлейменовтің идеясын облыстық драма театрының ұжымы жүзеге асырды.

"Үлкен сұрақ" — ақтөбелік бойжеткеннің теріс ағымда жүрген жігітпен бас қосып, кейін опық жегені жайлы қойылым. Бірінші жолдасы Мысыр арқылы Сирия асып, сол елде көз жұмады.

Екінші күйеуі 2016 жылы 5 маусымда теракт жасағаны үшін бүгінде жазасын өтеп жатыр.

Екеуі де жарына талақ жасаған болатын.


Жаңалықтар
0