АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. Биылғы қыстың соңғы екі күнінде елімізде ауа-райы құбылмалы болып, температура төмендейді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Алдағы күндері Қазақстанның кей жерлерінде ауа райы жауын-шашынды болып, тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, желдің екпіні 15-20 дейін күшейеді, ал ақпанның 27-сі күні оңтүстікте және оңтүстік-шығыста желдің жылдамдығы 30 м/с және одан асады деп болжануда.
Ресейдің еуропа бөлігінен антициклон келуіне байланысты батыста және одан кейін республиканың қалған бөлігінде температура төмендейді.