АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. Салмағы 11 кг, он жастағы Лаура Сағатова 25 ақпанда Астанада көз жұмды, деп хабарлайды Otyrar.kz.
23 ақпанда кешкісін комаға түскен Лаура Сағатова елордаға ана мен бала ұлттық орталығына жеткізілген болатын.
Лаураның анасына көмектескен еріктінің айтуынша, қыздың бетін бері қаратып, жолға шыдай алатындай күйге жеткізу керек еді, өйткені емделуі үшін Оңтүстік Кореяға барғалы жатқан.
Қазір әйел адамға қызының мәйітін жеткізіп, жаназасын өткізу үшін жәрдем керек.
Ауыр науқасқа шалдыққан Лаура Сағатоваға дәрігерлер бес жыл бойы нақты диагноз қоя алмапты. Анасының айтуынша, қыздың хәлі жыл сайын нашарлап, салмағы 11 кг болып қалған.