Өңірлер

Ауа райы болжамы: сенбі күні елімізде боран соғып, көктайғақ болады

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуҚыс
Қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның басым бөлігінде тұман түседі

АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде сенбі күні ауа райы құбылмалы болып, кей жерлерде қар жауады, көктайғақ және төменнен соққан боран болуы ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және солтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Республиканың басым бөлігінде тұман түседі.

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман, күндіз Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 20-25 м/с. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, күндіз бұрқасын 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, төменнен соққан боран, желдің екпіні 15-20 м/с.  

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Жаңалықтар
0