АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында ата-аналар сәбилеріне туберкулезге қарсы екпе салғызудан бас тартып жатыр. Былтыр №4 облыстық перинаталдық орталықта дүниеге келген 63 бала екпе алмаған, деп жазады Отырар.
"Әйелдер әртүрлі себеп айтады. Кейбіреулер діни көзқарасына байланысты бас тартып жатыр. Өзгелер өз түсінігіне байланысты қаламайды, тағы біреулер мұның әсері барына сенбейді. Ата-ана екпеден бас тартқан жағдайда, олардың отбасы мүшелерінің денсаулығы туралы анықтама жинаймыз", — деп мәлімет берді дәрігер-неонатолог Луиза Сәулемова.
Биыл қаңтар айында үш ана сәбилеріне екпе салғызудан бас тартыпты.