Өңірлер

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" РМК 24-26 ақпан аралығындағы ауа райына болжам жасады

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазгидрометтің ақпаратынша, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен ауа райы құбылмалы. Кей жерлерде қар жауып, боран соғады, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Басқа күндерде тұман түсуі мүмкін. 

"Өткен тәулікте Батыс Алтай, Тарбағатай және Жетісу Алатауы тауларында жауын-шашын жалғасты. Жауған жауын-шашын қар көшкіні жағдайына айтарлықтай әсер еткен жоқ. Бұрқасын мен жел соққан жоқ", — делінген хабарламада. 

Алдағы үш тәулікте (24-26 ақпанда) Қазақстанның таулы аймақтарында өздігінен болатын қар көшкіні болжанып отырған жоқ. Қар көшкінін болдырмас үшін тау бөктеріне шығуға тыйым салынады.

Жаңалықтар
0