Спорт

Пхенчхандағы Олимпиадада кәрістер Қазақстан туын желбіретті

© REUTERS / KAI PFAFFENBACHолимпиада
олимпиада - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жергілікті компания қызметкерлері ЭКСПО-2017 кезінде ынтымақтасқаны үшін Қазақстанға осылайша алғысын жеткізбек болыпты

АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. Оңтүстік Корея жанкүйерлері Олимпиада ойындарында Қазақстанның мемлекеттік туын желбіретті, деп жазады New York Times.

Олимпиада жүлдегері Юлия Галышеваны жұрт қошеметпен күтіп алды - Sputnik Қазақстан
Видео
Бұл медаль мен үшін алтынмен барабар – Юлия Галышева Пхенчханнан ұшып келді

Сеулде 70-ке жуық адам мәнерлеп сырғанаушылар Айза Мәмбекова мен Элизабет Тұрсынбаевға қолдау көрсету үшін Қазақстанның туын ұстап келді.

Кәрістердің жартысы  Sigong Tech компаниясының қызметкерлері екен, олар ЭКСПО-2017 павильонын жобалау үшін келісімшарт ұсынған Қазақстанға алғысын білдіру үшін келіпті.

"Көптеген адам, мысалы, АҚШ-ты жақсы біледі. Ал Қазақстан сияқты ел туралы естігендер кем де кем. Сол себепті біз қолдау білдіргіміз келді", — дейді ұйымның менеджері Ха Юн Сун.

Қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева 15-орын иеленіп, финалға қатысуға мүмкіндік алды. Ал Айза Мәмбекова, өкінішке орай, келесі кезеңге өткен жоқ.

Жаңалықтар
0