Өңірлер

Павлодарда екі айлық сәбиді күйік шалды

© Sputnik / Григорий Василенко / Медиабанкке өтуЖаңа туған баланың архивтегі фотосы
Жаңа туған баланың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінгі таңда күйік шалған қыз бала ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр

АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Павлодарда 16 қабатты көппәтерлі тұрғын үйден өрт шықты. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды pavlodarnews.kz

Өртеніп жатқан автокөлік - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Өртенген көлігін сөндірмек болған ер адамды күйік шалды
"Бесінші қабаттағы пәтерде бір шаршы метр аумақ жанған. Оқиға орнынан облыстық балалар ауруханасына екі айлық қыз бала жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша  өрттің  шығуына отты абайсыз қолдану себеп болған", — деді департаменттегілер. 

Ведомство ұсынған мәліметке сүйенсек, өрт сағат 13-05-те оқшауланып, сағат 13-12-де жойылған. Тілсіз жауды ауыздықтауға  өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінен 18 қызметкер және бес техника, апаттық медицина орталығынан үш  адам мен бір техника жұмылдырылды. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бүгінгі таңда 3-4 санаттағы күйік шалған қыз бала ауыр жағдайда. Жансақтау бөлімінде ем қабылдауда. 


Жаңалықтар
0