Өңірлер

Павлодарда полицейдің мәйіті табылды

© Sputnik / Табылды КадырбековАдамның мәйіті
Адамның мәйіті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Павлодарда полицияда жұмыс істеп жүргеніне төрт жылдан енді асқан жас жігіттің денесі табылған

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Пәтерлердің бірінде полиция қызметкерінің мәйіті табылды, деп хабарлады Павлодар облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Ведомствоның берген мәліметі бойынша, 24 жастағы полицей 2013 жылы ішкі істер органына қызметке тұрған екен. Жас жігіттің өліміне байланысты 105-баптың 1-тармағына (Қоқан-лоққы жасап, зорлық-зомбылық көрсету арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес қылмыстық тергеу қозғалған. Бұл бап бойынша айыпталушы үш жылға дейін бас бостандығынан айырылып немесе бостандығы шектелуі мүмкін. 

Тергеу әлі жалғасып жатқандықтан, толығырақ ақпарат хабарланған жоқ.

Жаңалықтар
0