АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Бүгін қазақстандық спортшылар Олимпиаданың екі спорт түрінен сайысқа түседі. ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі отандастарымыздың қатысуымен өтетін жарыстар кестесін жариялады.
Мәнерлеп сырғанау
Әйелдер, жекелей сайыс
Элизабет Тұрсынбаева, Айза Имамбек
Басталу уақыты 07:00* — қысқа бағдарлама
Шаңғы жарысы
Ерлер, командалық спринт
Денис Волотка, Алексей Полторанин
Басталу уақыты 14:50 — жартылай финал, 16:30 — финал
Әйелдер, командалық спринт
Анна Шевченко, Валерия Тюленева
Басталу уақыты 14:00 — жартылай финал, 16:00 — финал
*Астана уақытымен