АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Италия үкіметінің бұрынғы басшысы Сильвио Берлускони британиялық тережүргізушіге қалай тұрмысқа шығуға болатынын айтып берді, деп жазды РИА Новости.
81 жастағы саясаткер қыздардың тұрмысқа шыға алмауын олардың қолды қатты қысатынымен байланыстырады.
"Қолды қатты қыспа! Әйтпесе "мына қыз мені ұрып жығады" деп ойлап қалып, ешкім сені әйел етіп алмайды", — деді ол журналиске.
"Тұрмысқа шыққансың ба? Жоқ? Көрдің бе, енді білетін болдың. Демек, бұл сенің өміріңдегі ең маңызды кездесу болды", — деп түйіндеді Берлускони.
Сильвио Берлускони күлкілі әңгіме айтудан алдына жан салмайды. Мысалы, 2008 жылы ол Барак Обаманы "жас, әдемі және күнге жақсы күйген президент" деп атаған.