Қоғам

Есеп комитетінің жаңа басшысы тағайындалды

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл лауазымды иеленген Нұрмұхамбет Әбдібеков Нұрсұлтан Назарбаев жарлығымен қызметінен босатылды

АСТАНА, 20 ақпан — Sputnik. Наталья Годунова республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Ол бұл лауазымға былтыр наурыз айында келген Нұрмұхамбет Әбдібековтың орнын басты.

Наталья Годунова еңбек жолын "Урал" агроөнеркәсіптік банкі" несие бөлімінің экономист маманы ретінде бастаған. Әр жылдары Маңғыстау және Қызылорда облыстары әкімдерінің кеңесшісі қызметін атқарды, сонымен қатар Қазақстан премьер-министрінің экономика бойынша орынбасарының кеңесшісі және "Нұр Отан" партиясының хатшысы болған. Соңғы кездері Орталық сайлау комитетінің мүшесі лауазымын иеленген.

Жаңалықтар
0