Алматыдан Атырауға сейсенбі күні таңертең аттанған ұшақта 100-ден астам жолаушы болған. Алайда ұшақ шұғыл түрде Таразға қонуға мәжбүр болыпты.
"Ұшақтағы қысым көтеру жүйесінде ақау шықты. Ұшақ командирі қауіпсіз биіктікке төмендеп, межелеген жерге жетуге болатын еді, бірақ жанармай таусылып қалуы мүмкін болғандықтан, ұшақты Тараз қаласының әуежайына қондырды", — деп мәлімет берді Bek Air компаниясының бас директоры Сырым Омаржанов Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Әуе компаниясы жолаушыларды Атырауға жеткізу үшін Таразға басқа ұшақ жіберген.