Өңірлер

Президент шыршасында сыйға берілген ноутбук жарамсыз болып шықты

CC0 / Free-Photos / Ноутбук
Ноутбук - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желіде пайда болған видеода ер адам қызына берілген ноутбуктың дұрыс істемейтінін айтқан

АСТАНА, 20 ақпан — Sputnik. Ақмола облысында президент шыршасының сыйлығына қатысты тағы бір шу шықты. Сыйға берілген ноутбуктердің бірі дұрыс істемейді екен.

Өңірлер
Оқушыларға президент шыршасының сыйлығы енді таратылды

Видео үндеуді Facebook желісінде Атбасар ауданы Самарка ауылының тұрғыны жариялаған. Оның айтуынша, 2017 жылдың желтоқсанында қызы Бурабайдағы президент шыршасына шақырту алыпты. Бірақ сыйлықтың орнына ноутбук алуға сертификат берген екен, алайда жаңалықтарда балалардың бәріне компьютер таратылғаны айтылған болатын.

Сыйлыққа екі айдан кейін қолы тиіпті.  Ауыл тұрғынының айтуынша, өкінішке орай, компьютер дұрыс істемейтін болып шыққан – аккумулятор қуатталмайды, тек тоққа қосқанда ғана істейді екен.

Атбасар білім беру бөлімі бұл деректі растады.   

"Жаңа жыл сыйлығы ретінде берілген ноутбуктер облыс орталығынан жеткізілген. Кейін қызға басқа ноутбук берілді", — деп мәлімет берді білім беру бөлімінің өкілі Sputnik Қазақстан агенттігі.

Жаңалықтар
0