Өңірлер

Ресей азаматы Оралдағы көпбалалы отбасыға үй алып берді

CC0 / / Кілт
Кілт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көпбалалы отбасы саяжайдағы кішкентай үйден бар жағдайы жағдайы жасалған зәулім баспанаға көшті

АСТАНА, 20 ақпан — Sputnik. Ресейде тұратын әйел Орал қаласындағы алты балалы отбасыға үй алып берді, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Көңіл сыйса, бәрі сыяды: 2000 долларға қандай үй салуға болады? - Sputnik Қазақстан
Видео
Көңіл сыйса, бәрі сыяды: 2000 долларға қандай үй салуға болады?

Орал тұрғыны, 28 жастағы Екатерина Скворцова бұрын алты баласы және күйеуімен саяжайдағы шағын үйде тұратын. Бұл уақытша баспананы таныстарының бірі тауып беріпті. Екатеринаның айтуынша, азғантай ғана жәрдемақы мен күйеуінің тапқан 70 мың жалақысына күнелтеді екен. Көпбалалы отбасы үй алу үшін кезекте тұрғанымен, армандаған баспанаға қашан қол жеткізетіні беймәлім болатын. Тұрмысы жайында әйел адам былтыр желтоқсан айында тілшілерге айтып берген. Араға екі ай салып көпбалалы отбасы жаңа зәулім үйге көшті.  

Скворцовтар жанұясына үй әперген Ресей азаматы өзінің кім екенін құпия сақтауды жөн көріпті.

"Әйелдің айтуынша, біздің жағдайымызды интернеттен оқып біліпті. Үйде бар жағдайдың жасалуын басты шарт еткен. Кейін 6 миллион теңгеге сатып алып, біз үйді сатып жібермес үшін балалардың атына тең бөліп ресімдеген", — дейді Екатерина.

Қазір бақытты отбасы жаңа үйіне көшіп, жазда бау-бақша егуді жоспарлап отыр. 

Жаңалықтар
0