Өңірлер

Оңтүстік Қазақстанда үшем дүниеге келді

© Photo : ОҚО әкімінің баспасөз қызметіОңтүстік Қазақстан облысында үшем дүниеге келді
Оңтүстік Қазақстан облысында үшем дүниеге келді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өңірде жыл сайын орташа есеппен 7-8 үшем дүниеге келеді

АСТАНА, 20 ақпан — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

16 қаңтар күні облыстық перинаталдық орталықта бір ұл мен екі қыз өмірге келді. 

Туғанда әрбір баланың салмағы шамамен 1,5 келі болған. 7 айлығында шала туан сәбилерді дәрігерлер 40 күн бойы күтіп, енді бүгін перзентханадан шығарып отыр. Ақ халаттылар қазір нәрсетелердің денсаулығы жақсы екенін айтады. 

Оңтүстік Қазақстанда үш рет егіз босанған ананы марапттады - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Оңтүстік Қазақстанда үш рет егіз босанған ананы марапаттады

"Өкпесі дұрыс дамымай туған нәрестелердің үшеуі бірдей жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Жансақтау бөлімінде жатқан үшемнің беті 5 күн дегенде бері қарап, қосымша бір ай арнайы күтім жасайтын бөлімшеде болды. Осы аралықта сәбидің әрқайсысы бір келідей салмақ қосты", – деді облыстық перинаталдық орталықтың нәрестелер патологиясы және шала туған нәрестелерді күтім және сырқат бөлімшесінің меңгерушісі Гүлнәр Сәпиева.

© Photo : ОҚО әкімінің баспасөз қызметіОңтүстік Қазақстан облысында үшем дүниеге келді
Оңтүстік Қазақстан облысында үшем дүниеге келді - Sputnik Қазақстан
1/2
Оңтүстік Қазақстан облысында үшем дүниеге келді
© Photo : ОҚО әкімінің баспасөз қызметіОңтүстік Қазақстан облысында үшем дүниеге келді
Оңтүстік Қазақстан облысында үшем дүниеге келді - Sputnik Қазақстан
2/2
Оңтүстік Қазақстан облысында үшем дүниеге келді
1/2
Оңтүстік Қазақстан облысында үшем дүниеге келді
2/2
Оңтүстік Қазақстан облысында үшем дүниеге келді

Алғаш рет ана атанған 21 жастағы Гузал Нурмиминованың жақындары сәбилерді Зухра, Захро және Хасан деп атаған.

Айта кетейік, өңірде жыл сайын орташа есеппен 7-8 үшем дүниеге келді.  Соңғы 10 жылда мұндай қуанышқа 79 отбасы кенелген. Ал, жылына Оңтүстік Қазақстан облысында орташа есеппен 750 егіз өмірге келсе, соңғы 10 жылда 7259 егіз туған. 

 

Жаңалықтар
0