Әлем

Жеміс шырынын қандай жағдайда ішуге болмайды?

© PhotoШырын
Шырын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғалымдар жеміс шырынының қаупі туралы мәлімдеме жасады

АСТАНА, 20 ақпан — Sputnik. Жеміс шырынын аш қарынға ішу ішектің микрофлорасына кері ықпал етеді. Принстонский университетінің құрамына кіретін Льюис Сиглердің ыпалдастық геномика институтының ғалымдары осындай қорытындыға келді. Зерттеу нәтижесі Cell Metabolism журналында жарияланды, деп жазды РИА Новости.  

Күнбағыс майы. Архивтегі фото - рекадр - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар күнбағыс майына қатысты тосын мәлімдеме жасады
Мамандар эксперимент кезінде тышқандарға аш қарынға шырын мен шәрбат берген. Бұл жағдайда аш ішек жеміс шырынын ыдырата алмайтыны анықталды: ол тікелей тоқ ішекке түсіп, микроорганизмге ауыр зиян келтіреді. Бұл жаңа сығылған шырындарға да қатысты.    

Сонымен қатар ғалымдар жеміс қантының  90%-ы осы аш ішекке сіңетінін атап өтті.  

Зерттеушілер шырынды аз мөлшерде және тек тамақтан кейін ішуге кеңес беріп отыр. Мұндай тәсіл ас қорыту жүйелеріне түсетін салмақты азайтып, ішектің микрофлорасын зақымдамайды.   


Жаңалықтар
0