Спорт

"Астана" футболшылары "Реал" қақпасына 4 гол соқты

© Photo : официальный сайт ФК "Астана""Астана" ФК бас бапкері Станимир Стойлов
Астана ФК бас бапкері Станимир Стойлов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Станимир Стоилов шәкірттері "Реал" командасын 4:2 есебімен жеңді

АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Португалия астанасында қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Астана» командасы жолдастық кездесу өткізді, деп жазды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жаттығу - Sputnik Қазақстан
Видео
"Астана" футболшылары "Спортингке" қарсы матчқа қалай дайындалды
Станимир Стоилов шәкірттері аты елге мәлім "Реал" командасына қарсы ойнады. Алайда, бұл бәріміз білетін мадридтік клуб емес, Лиссабонның Керуш ауданының командасы, ал бұл ұжымды Зинедин Зидан емес,  41 жастағы  португалдық Алехандро Сантуш баптайды. Осы клубтан Еуропа чемпионы, қазір италиялық "Лацио" сапында өнер көрсететін португалиялық жұлдыз Нани шыққан.

Клуб құрамында Португалияның Жоғары біріншілігінде ойнайтын командалармен келісімшарт жасасқан ойыншылар өнер көрсетеді. Бұл ойыншылар "Реал" сапына ойын тәжірибесі үшін ауысқан.

Ал ойын туралы айтар болсақ, кездесу 4:2 есебімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, астаналықтар Еуропа лигасы 1/16 финалы аясында өтетін "Спортингке" қарсы кездесуге дайындалып жатыр.


Жаңалықтар
0