АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Иесіз жатқан екі әйелдер сөмкесі Астананың сол жағалауында жаяу жүргіншілерге арналған жолды жабуға себеп болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекова.
Оның айтуынша, сағат 13.50-де Қонаев және Мәңгілік Ел көшелерінің қиылысындағы көлік тұрағында екі әйелдер сөмкесі табылғаны туралы хабарлама түскен.
"Күдікті ештеңе табылған жоқ, олар ішіне қағаз қоқыс салынған ескі сөмкелер болып шықты", — деді София Қылышбекова телефон арқылы.
Аталған учаскеде жаяу жүргіншілер жолы сағат 14.24-те ашылды.