АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Елордалық гипермаркеттің келушілері сөредегі торттан құрт тауып алды.
"Тосын сый" түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланған.
"Әп-әдемі торт. Ішінде бірдеңе жатыр. Құрт жыбырлап, қатты да қалды", — дейді сатып алушылар.
Magnum компаниясының өкілдері тортты әзірлеген "Мир ТорТини" ЖШС екендігін хабарлады.
"Сол күні бұл өндірушінің бүкіл торты сөреден алынып тасталды, акт жасалып, жеткізушіге шағым айтылды", — деп мәлімет берді дүкендер желісінің өкілі.
Олар мұндай тауарлардың сөреге қойылмауы үшін шара қолдануға уәде берді.