Әлем

Белгілі әнші көшедегі адамдарға миллион доллар таратты

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Рэпер Дрейк кейбір отбасыларға жаңа автокөлік сатып әперіп, көшедегі мұқтаж жандарға бума-бума ақша берді

АСТАНА, 18 ақпан — Sputnik. Канадалық хип-хоп орындаушы, актер әрі продюсер Дрейк (Drake) өзінің God's Plan деп аталатын жаңа клипінде жоқ-жітікке миллион долларға тарта ақша таратты, деп хабарлады РИА Новости. Видео әртістің YouTube-тегі каналында жарияланды.  

Мешіт - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Имамдардың жалақысы мәселесін шешу үшін арнайы қайырымдылық қоры құрылды
Variety агенттігінің мәліметінше, музыкалық клипте рэпер Майами университеті студенттерінің бірінің оқу ақысына 50 мың доллар төлейді, жастар орталығына 50 мың және өрт сөндіру бөліміне 20 мың доллар көмек көрсетеді, тағы 10 мың долларды Майами университеті жанындағы музыкалық мектепке береді. Сонымен қатар, ол кейбір отбасыларға жаңа автокөлік сатып әперіп, көшедегі мұқтаж жандарға бума-бума ақша таратады. Рэпер барлығы 997 мың доллар жұмсаған.  

Әнші Instagram-дағы парақшасында God's Plan клипі аясындағы адамдарға көмек көрсету акциясы өзінің карьерасындағы ең маңызды іс болғанын атап өтті.   

Жаңалықтар
0