АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Австралияның батысында кенгуру жас аңшының жағын сындырды, деп хабарлайды РИА Новости.
19 жастағы Джошуа Хайденнің айтуынша, жануарлар жігіттің көлігіне шабуылдаған. Кенгурулардың бірі көліктің алдыңғы әйнегіне секіргенде, жігіттің жағын сындырған. Жас аңшы қатты соққыдан есінен танып қалды.
30 секундтан кейін есін жиған аңшы оны көлікте қасында отырған бауыры ұрды деп ойлаған.
Жігіттің беті қатты ісіп кеткендіктен, дәрігерлер отаны он күннен кейін ғана жасайтынын айтты.