Қоғам

"Керуеннің" қасында үш қызды қаққан жүргізушінің ұстамасы ұстап қалғаны рас па?

Жазылу
Жол апаты былтыр қарашада болған. Жүргізуші Болат Молдағалиев апат кезінде эпилепсиясы ұстап қалғанын айтқан еді

АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. Тәуелсіз сот-психиатриялық сараптама нәтижесі бойынша "Керуен" қасында үш қызды қаққан жүргізушінің жол апаты кезінде ұстамасы ұстап қалғаны жоққа шығарылды.

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Керуен" қасындағы жол апаты: жәбірленуші жүргізушіні түрмеге жабуды сұрады

"Үш маман тексеру жүргізді. Дәрігерлердің тәжірибесі мол. Бізге энцефалография нәтижесі мен невролог-эпилептологтың қорытындысы ұсынылды. Бұл сараптамада біз науқастың дертке шалдыққанын растайтын белгілер таппадық. Қаралушы көптен бері эпилепсиясы ұстамағанын, дәрі ішіп жүрмегенін айтқан болатын", — делінген қорытындыда.

Бұл тұжырымдамамен сотталушының адвокаты келіспей, сарапшының біліктілігіне күмән келтірді. Оның айтуынша, істің материалына сәйкес, сотталушыға эпилепсия диагнозы қойылған.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың 12 қарашасында "Керуен" СОСО аумағындағы көлік тұрағында Infinity жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. 

Салдарынан үш қыз зардап шекті. Екеуі жеңіл-желпі жарақат алғанымен, 24 жастағы Әсел Рымханова ауыр хәлде ауруханаға жеткізіліп, бір аптадан соң ғана есін жиған.

Жүргізуші Болат Молдағалиев кінәсін жартылай ғана мойындады. Апат кезінде эпилепсия ұстамасы ұстап қалғанын алға тартады. Оқиғаның мән-жайы ер адамның есінде жоқ, бірақ апат орнын тастап кеткен жоқпын дейді. Молдағалиев Рымхановадан кешірім сұрап, емделу шығынын толығымен көтеріп алғысы келетінін айтты.

Жаңалықтар
0