Саясат

Прокуратурадағы жаңа толқын: бірқатар өңірде тағайындаулар болды

© Sputnik / Екатерина Штукина / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Прокуратура органдарында жаңа тағайындаулар болды

АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. Бас прокурордың 2018 жылдың 16 ақпанындағы бұйрығымен Бас көлік прокуратурасында, Алматы, Павлодар, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Прокуратура органдарының бірінші санаттағы кадрлық резервінде тұрған  қызметкерлердің практикалық тәжірибесі мен басшылық өтілін ескере отырып, оларды келесі лауазымға ұсынды:

  • Бас көлік прокурорының бірінші орынбасары қызметіне әділет кеңесшісі Жазира Аликқызы Нұрлыбекова тағайындалды.
  • Алматы облысы прокурорының орынбасары қызметіне әділет кеңесшісі Марат Серікұлы Тойжан тағайындалды.
  • Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары қызметіне әділет кеңесшісі Ержан Ерғалиұлы Бөлегенов тағайындалды.
  • Маңғыстау облысы Ақтау қаласының прокуроры қызметіне әділет кеңесшісі Берік Жұмажанұлы Құлмағамбет тағайындалды.
  • Павлодар қаласының прокуроры қызметіне әділет кеңесшісі Айдос Тұрсынжанұлы Чорманов тағайындалды.

Жаңадан тағайындалған қызметкерлер төменгі лауазымдардан бастап, прокуратура органдарының барлық қызметтік сатыларынан өткен.

Жаңалықтар
0