Қоғам

Сәрсенбай: қазақтың бірталай жері Қытайға өтіп кетті

© AFP 2024 / Franck FifeДала
Дала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Делимитация жасалғанымен, Қазақстанның бірталай жері Қытайға өтіп кетті дейді қоғам қайраткері

АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбай жерімізден айырылып қалмас үшін, тек қана ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлерді ғана емес, тұтас жер мәселесін қарау керектігін қадап айтты.

Заңнама - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дос Көшім жер заңына қатысты: екі мәселе шешілмей, заңға баға бере алмаймын

Астанада 2016 жылы құрылған жер комиссиясының шешімдері бойынша әзірленген жер заңы жайлы қоғамдық талқылау өтті. Жиын барысында белгілі қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбай жер мәселесінде дұрыс саясат керек екенін атап өтті. Айтуынша, жер заңын талқылағанда, Қытайды айналып өтуге болмайды. 

"Жер мәселесінде дұрыс саясат керек. Заңның бәрі саясаттан жасалады. Саясаттың желі қалай тұрады, заң солай жасалады. Президенттің қас-қабағы қалай, заң солай жасалады. Рас қой, жоқ әлде мен дұрыс айтпай отырмын ба? Сондықтан бүгінгі жиында біз заңның баптарын талқылауға келген жоқпыз, ол үшін тек сарапшылар немесе комитет жиналады. Біз қоғамдық пікір айту үшін, халықтың жер мәселесіне көзқарасы қандай екенін айтуға келдік. Биліктің назарын жұрттың пікіріне аударуға келдік… Қытайдың үрейін кейбіреуілер бос сөз дейді. Менің айтарым, бұл бос сөз емес. Мына заң да, шатақ осыдан шықты. Анығын айтқанда Қытайдан шықты. Президент қытайлар бір миллион гектар жер сұрап жатыр деді ғой. Біз сол кезден, 2009 жылдардан бастап алаңдадық. Мұның ақыр соңы митингіге ұласты. Мұның бәрі саясат, саясатқа қарап жасалған заң ешқашанда оңбайды. Қытай туралы айтпай кете алмаймыз. Жер шекарасы бекітілді, бұл өте қажет. Бұл президенттің тыңдырған үлкен шаруасы. Бірақ оның ішінде де біз есемізді жіберіп алдық. Қытайға бірталай жер кетті. Мен өзім Райымбек ауданының тумасымын, ол өңірді жақсы білемін. Сонда Сарытау деген тау бар. Қарағайы жайқалған, өзен-бұлағы сарқырап ағып жатқан. Сол сызықтың ар жағында қалды. Қытайға қарап кетті. Ал біздің басшылар дүдәмал жерлердің басым бөлігі біздің пайдамызға шешілді деп айтады. Ол өтірік, жалған. Біз айырылдық ол жерлерден. Сондықтан осындай нәрселерге жол бермес үшін, жерімізден айырып қалмас үшін, тек қана ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлерді ғана емес, тұтас жер мәселесін қарау керек", — деді ол.

Жаңалықтар
0