Оқиға

Ан-148 апатқа ұшырар алдында ұшқыштар бір-бірімен ұрысқан

© AP Photo / Life.ru via APАпатқа ұшыраған Ан-148
Апатқа ұшыраған Ан-148 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұшақтың көрсеткіш құрылғылар істен шығып, ұшқыштар шарасыз күйге түскен

АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. Мәскеу түбінде құлаған Ан-148 ұшағының өздігінен жазатын құралындағы жазбалар оқылды, деп хабарлады "Коммерсантъ" газеті Ресейдің Тергеу комитетіне сілтеме жасап.

Ан-148 - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ан-148 ұшағының апатқа ұшырау себебі анықталды

Жазба өте қысқа екені айтылған. Қара жәшік бұзылып қалғандықтан, қалпына келтіруге бірнеше күн кетіпті.

Деректерге сүйенсек, ұшқыштар жылдамдықтың әртүрлі көрсеткішіне бола ұрсысқан екен. Көрсеткіштердегі жылдамдық шын мәнісінен төмен болып жазылған.

Ұшақ 2 мың метрге көтерілсе де, бір ұшқышта жылдамдық 200 км/сағ, екіншісінде мүлдем нөл деп көрсетіліпті. Ал лайнердің шын жылдамдығы ол кезде 600 км/сағ болған. Жылдамдықтың неге әртүрлі болғанын түсінбеген экипаж тиісті жылдамдық алу үшін ұшақты төмендетіп, салдарынан жерге құлаған екен.

Ұшар алдында неге екені белгісіз қабылдағыштардың жылыту жүйесі сөніп қалыпты, соның салдарынан жылдамдықты көрсететін құралдар дұрыс істемеген, деп санайды мамандар.

11 ақпанда Домодедоводан ұшып шыққан "Саратовские авиалинии" компаниясының Ан-148 ұшағы Ор қаласына бет алған еді, алайда екі минут өтер-өтпесте апатқа ұшыраған. Бортта 65 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Бәрі қаза тапты.

Жаңалықтар
0