АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. Елімізде ауа райы жауын-шашынсыз аязды болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
"Ресейдің еуропалық бөлігінен Қазақстанға ауысқан антициклон демалыс күндері еліміздің көптеген ауданында күннің аязды, көбінесе жауын-шашынсыз болуына ықпал етеді. Бірақ оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктері аудандарында суық атмосфералық фронттың әсері сақталып, қар әлі де болады", — делінген хабарламада.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 ° C-тан төмен болады деп болжанған.