АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Қазақстанда полиция қызметкері болып істейтін қыз-келіншектер арасында "Леди "Полиция.kz" фото байқауы өтеді, деп хабарлайды республиканың ішкі істер министрлігі.
"Конкурстың басты ерекшелігі – сыртқы келбетіне баға беріп қоймай, погон таққан қыз-келіншектердің жан дүниесі мен біліктілігін бағалау", — деп атап өтті ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті директоры Алмас Сәдубаев.
Үміткерлерге әлеуметтік желі қолданушылары mediaovd.kz сайтында және ІІМ инстаграм-аккаунтында дауыс бере алады.
Дауыс беру нәтижесінде алты үміткер таңдалып, соның ішінде редакциялық кеңес жеңімпазды анықтайды.
Байқау қорытындысы 8 наурыз қарсаңында шығады.