АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Парламент сенатының депутаттары Мұхтар Құл-Мұхаммедті халықаралық қатынастар бойынша сенат комитетінің құрамына қабылдау үшін дауыс берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұрын Құл-Мұхаммед "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын.
"Мұхтар Абрарұлы – көрнекті саяси және қоғам қайраткері, жоғары мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істеген. Депутат та болды. Сенат жұмысына өзінің елеулі үлесін қосатынына сенімдімін. Мұхтар Абрарұлы халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша комитетте жұмыс істеуге ниет білдірді", — деді сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сөз соңында Тоқаев Құл-Мұхаммедті құттықтап, еңбегіне табыс тіледі.