АСТАНА, 14 ақпан — Sputnik. Golden Boy Promotions компаниясының ресми твиттер-аккаунтында мамырдағы Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес реваншының анонсы жарияланды, деп жазады Sports.kz.
Қысқа видеороликте жекпе-жекті мерзімінен бұрын төрешілердің қатысуынсыз аяқтауға уәде берген боксшылардың сөздері ұсынылған.
"#Төрешілерсіз. 5 мамыр. "Канело" — GGG 2", — деп жазылған видеоның астындағы жазбада.
#NoJudges May 5th #CaneloGGG2 pic.twitter.com/DKsSXqyXbd
— Golden Boy Boxing (@GoldenBoyBoxing) 14 февраля 2018 г.