Өңірлер

Ауа райы болжамы: еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2018 жылғы 15-17 ақпанға арналған ауа-райы болжамы

АСТАНА, 14 ақпан — Sputnik. Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

"Атмосфералық фронттың екі жүйесі республиканың шығыс аймақтарынан жоғары орналасқан циклонға байланысты. Осы фронттардың Қазақстан аумағы арқылы өтуі салдарын көптеген облыста қар жауып, боран соғып, күшті екпінді жел болады", — деп хабарлайды синоптиктер.

Алдағы күндерде оңтүстік және оңтүстік-шығыста, әсіресе таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады.

Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік-батыс ауданынан атмосфералық фронттардың соңынан республикадағы аязды ауа райын ұстап тұратын үлкен антициклон жылжып келеді.


Жаңалықтар
0