Өңірлер

Қостанайда жасөспірім жоғалып кетті

Жазылу
Жоғалған баланың туыстары мейірімді жандарды іздеу жұмыстарына көмектесуге шақырып отыр

АСТАНА, 13 ақпан — Sputnik. Қостанай полициясы үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған жасөспірімді іздеп жатыр, деп хабарлайды "Алау"

Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметінше, 12 ақпан күні түнде полицияға 15 жастағы жасөспірімнің анасы хабарласып, ұлы үйден шығып кетіп, қайтып оралмағанын айтқан.  

 

Мәйітхананың архивтегі суреті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанай облысында жоғалған жігіттің денесі табылды
"Сохань Михаил Владимирович, 28.08.2002 жылы туған, бойы — 170 сантиметр, орта денелі. Көк бәтеңке, қара джинсы, қара спорттық күрте киіп кеткен. Мойнында көк түсті шарф, қолында жасыл жолдорба болған", — деп хабарлады полициядағылар.

Полиция жоғалған баланы көрген-білгендер болса, мына телефондарға хабарласуын сұрайды: 52-61-11, 52-62-18, 8 702-492-99-92 немесе 102.

Сонымен қатар, туған әпкесі Екатерина Шарифуллина мейірімді жандарды іздеу жұмыстарына атсалысуға шақырды.   


Жаңалықтар
0