Қоғам

Түлектерге ҰБТ тапсыру күнін ауыстыруға рұқсат етілді

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуОқушылар емтихан тапсырып жатыр, архивтегі фото
Оқушылар емтихан тапсырып жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Ұлттық тестілеу орталығының басшысы биыл тест тапсырудың кейбір шарттары жеңілдегенін мәлімдеді

АСТАНА, 13 ақпан — Sputnik. Енді орынды себептермен ҰБТ-ға қатыса алмай қалған түлектер басқа күні тест тапсыра алады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі алқасының кеңейтілген отырысының кулуарында ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов айтты. 

Емтихан кезінде - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҰБТ орнына қабылдау емтихандары өткізілуі мүмкін
Бұрын түлектер қандай да бір себеппен өз тобында ҰБТ тапсыра алмай қалса, онда оқушының басқа топта тест тапсыру мүмкіндігі болмайтын. Ал биыл шарттар жеңілдеп, тест тапсыру күнін ауыстыру мүмкіндігі қарастырылмақ. 

Әлімқұловтың айтуынша, осы жылы ҰБТ форматы өзгермейді, бұрынғысынша бес пәннен тұрады: үшеуі – міндетті, қалған екеуі –  таңдау бойынша. Міндетті пәндерге математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы кіреді. Ұлттық тестілеу орталығы жыл сайын тест тапсырмаларының барлық түрін 35%-ға жаңартады. 

"2018 жылы тест тапсырмаларының базасы 50%-ға жаңарды. Егер 2017 жылы бізде 80 мыңнан астам тест тапсырмасы болса, биыл 120 мыңнан асады. Оның шамамен 11 пайызы функционалды сауаттылықты анықтауға бағытталған, 37 пайызға жуық сұрақтың бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар", — деді Әлімқұлов журналистерге. 

Сынақ сұрақтары мазмұны жағынан биылғы ҰБТ-ға өте жақын, бірақ тестілеу кезінде қайталанбайды. 

Жаңалықтар
0