АСТАНА, 13 ақпан — Sputnik. Қазақстанда өткен жылдың соңғы үш айында ең жоғары жалақыны қаржы, сақтандыру, ғылым, техникалық қызмет және IT салалардың қызметкерлері алған, деп хабарлады Energyprom.kz.
Өткен жылдың соңғы тоқсанында жұмыс істейтін әрбір қазақстандықтың орташа айлық жалақысы орташа 163,7 мың теңгені құраған, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,9 процентке көп. Сонымен қатар, инфляцияны есепке алғанда жалақының сатып алу жарамдылығы бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 1,4 процентке қысқарған.
Сонымен қатар өткен жылдың IV тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде қаржы және сақтандыру (316,1 мың теңгеге дейін, бір жылда жалақы 0,1%-ға өскен), ғылым және техникалық қызмет (303,3 мың теңгеге дейін, —7,3%), сондай-ақ ақпарат және байланыс (249,3 мың теңгеге дейін, +7,4%,) салаларында ең жоғары жалақы төленген.
Орман өсіру және ағаш дайындау (бір жыл ішінде бірден +17%, 162 мың теңгеге дейін) және құрылыс (бір жыл ішінде +15,7%, 218,1 мың теңгеге дейін) салаларында жалақы күрт өскен.
Тұтастай алғанда, 2017 жылдың қаңтар-желтоқсанының қорытындысы бойынша жұмыс істейтін қазақстандықтың орташа айлық жалақысы 149,7 мың теңгеге жетіп, 2016 жылмен салыстырғанда 5,1%-ға артқан.