Қоғам

Алматы қаласы мен Павлодар облысының прокурорлары тағайындалды

© Sputnik / Максим МасловПрокуратура
Прокуратура - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Алматы прокуроры болған Ғабит Миразов жұмыстан шығарылған еді

АСТАНА, 12 ақпан — Sputnik. Бас прокурор Қайрат Қожамжаров Алматы қаласы, Павлодар және Ақтөбе облысы прокуратураларында жаңа тағайындаулар жасады, деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Қайрат Қожамжаровтың бұйрығымен Берік Жүйріктаев Алматы қаласының прокуроры, Қайрат Әбдіханов Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды.

Екеуі де 2016 жылдан бастап облыс прокуроры лауазымына президенттік резервте тұрған. 

Ер адам iPhone X ұстап отыр - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бас прокурор: енді азаматтар телефоны жасырын тыңдалғанын біледі

Жүйріктаев Алматы қаласы және Алматы облысы прокуратураларында түрлі қызметте, соның ішінде басшылық лауазымдарды атқарған. 2010-2013 жылдар аралығында Алматы қаласы прокурорының орынбасары және Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары болды. 2013 жылдың қазан айынан Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары. Заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайтуға, прокурорлық қадағалауды жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін Елбасының жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Әбдіханов Жамбыл ауданы және Талдықорған қаласы прокуратураларына басшылық етті. Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстары прокурорларының орынбасары болып қызмет атқарды. 2017 жылдың шілде айынан Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары.

Сондай-ақ бас прокурордың бұйрығымен Ақтөбе облысы прокурорының орынбасарлары болып Ғалымжан Тілеубаев және Асқар Албытов, Ақтөбе қаласының прокуроры болып Рүстем Салкенов тағайындалды.

Қаңтар айының соңында Қожамжаров Алматы қаласының прокуроры Ғабит Миразовты жұмыстан шығарған болатын. Бірқатар облыстың прокуроры түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 


Жаңалықтар
0