Қоғам

Дүйсенбіде ауа райы қандай болады?

© Photo : Пресс-служба управления физкультуры и спорта АлматыМедеуде сырғанақ теуіп жүрген бала
Медеуде сырғанақ теуіп жүрген бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей аймақтарда жел күшейіп, тұман түседі, республиканың солтүстік-батысында жаяу бұрқасын соғады

АСТАНА, 12 ақпан — Sputnik. Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік-батысында кей жерлерде қар жауады, оңтүстікте және оңтүстік-батысында аздаған жауын-шашын түседі. Басқа аймақтарда күн ашық, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, республиканың солтүстік-батысында жаяу бұрқасын соғады. 

Қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты
Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында желдің күші 18-23 м/с жетеді, түнде тұман түседі. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп,  жел күшейеді –15-20 м/с.

Маңғыстау облысында тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде  жаяу бұрқасын, тұман түседі.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Солтүстік  Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.


Жаңалықтар
0