Саясат

Оңтүстік Корея президенті Қазақстанға келеді

© AFP 2024 / JUNG YEON-JEОңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин, архивтегі фото
Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екіжақты қатынастар саласында осы жыл маңызды оқиғалар мен шараларға толы болып отыр

АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин мамыр айының соңында Қазақстанға келеді деп жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы парламенті сенатының баспасөз қызметі хабарлады.  

Парламенті сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Георгий Ким Корея Республикасы үлттық ассамблеясының төрағасы Чун Се Кюнмен кездесті. 

Тараптар саясат, сауда-экономика, көлік және индустрия-инновация салаларындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

"Екіжақты қатынастар саласында осы жыл маңызды оқиғалар мен шараларға толы болып отыр. Корея Республикасы президенті Мун Чже Иннің биылғы мамыр соңындағы Қазақстанға сапары негізгі оқиға болуы тиіс", — деді сенатор. 

Г.Ким президент Н.Назарбаевтың 2016 жылғы 9-11 қарашадағы Сеулге мемлекеттік сапары барысында қол қойылған Стретегиялық әріптестік қатынастарды одан әрі тереңдету туралы бірлескен декларацияның зор маңызын атап өтті. 

Жүздесушілер екіжақты ауқымды байланыстарды нығайту үшін парламентаралық өзара іс-қимылдың ерекше маңызы туралы ортақ пікір білдірді. Депутаттық достық топтары жүйесі бойынша парламентаралық байланыстарды дамыту туралы келісімге қол жеткізілді, Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Корея ұлттық ассамблеясының басшысына биыл ресми сапармен Астанаға келуге шақыруы табыс етілді. 

Г.Ким еліміздің инвестициялық заңнамасымен және экономикалық жоспарларымен таныстырып, Қазақстандағы жобаларды іске асыру жөніндегі бірлескен жұмыстарға корей бизнесін шақырды.

Сенатордың пікірінше, ауыл шаруашылығы, туризм, көлік-логистика және жоғары технологиялар салаларындағы ынтымақтастық ықылас туғызады. Корей түбегіндегі жағдайды реттеу тақырыбын талқылау барысында Г.Ким БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде Қазақстанның 2018 жылы қаңтарда қабылдаған маңызды шараларын атап өтті. 

Тараптар кездесу соңында талқыланып отырған мәселелер бойынша көзқарастардың ұқсастығына тоқтала келіп, халықаралық аренадағы ынтымақтастықты жалғастыруды жақтайтынын айтты. 

 

Жаңалықтар
0