АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері бірқатар өңірде ауа райы жауын-шашынсыз, ауа температурасы қазіргі шамада болады.
"Қазақстанның ауа райын әдеттегідей жоғары атмосфералық қысым өрісі анықтайды. Сондықтан демалыс күндері түнде және таңертең тұман түседі, күндіз республиканың басым аумағында күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады", — делінген хабарламада.
Астана қаласы бойынша ауа райы болжамы:
10 ақпанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы —15-17°C, күндіз —7-9°C.
11 ақпанда көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз. Шығыстан, солтүстік-шығыстан — 7-12 м/с жел соғады. Түнде сынап бағанасы —18-20°C, күндіз —10-12°C көрсетеді.
12 ақпанда көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Шығыстан 5-10 м/с жел соғады, түнде температура —18-20°C, күндіз —9-11°C.
Алматы қаласы бойынша ауа райы болжамы:
10 ақпанда көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Түнде сынап бағанасы —9-11°С, күндіз —1-3°С көрсетеді.
11 ақпанда күн ашық, көшпелі бұлт шығады. Түнде және таңертең тұман түседі, жел соғады. Түнде ауа температурасы —7-9°C, күндіз +1+3°C шамасында.
12 ақпанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с. Түнде температура —5-7 °C, күндіз + 1 + 3 °C.