Өңірлер

Атыраулық 35 жастағы жігіт кемпірге үйленгені рас па?

Жазылу
35 жастағы жігіт пен 65 жастағы әйел шаңырақ көтерді деген ақпарат жалған

АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Әлеуметтік желіде 35 жастағы жігіт пен 65 жастағы әйел шаңырақ көтерді деген бейнекадр таралып, қаңқу сөз желдей есті. Тіпті олардың атыраулық екені айтылды. 

Қазақстан-Атырау арнасының тілшілері осы ақпараттың анық-қанығын білді. 1983 жылы туған шаңырақ иелері Исатай ауылының Аққыстау ауылында тұрады екен.

үйлену тойы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазнетті шулатқан 14 жасар жас жұбайлар туралы оқиға жалған болып шықты
Қанат Атырау тумасы, Ал Гөззал Қарақалпақстаннан келген. Екеуі де тұрмыс тауқыметін тартқан. Қанат әкеден ерте айырылып, ана мейірімін көрмей өсіпті. Гөззалмен желі арқылы танысқан.

“Мен Қанатпен желіде таныстым. 8 ай бойы сөйлестік. Өзім отбасылық құлдықта болғандықтан, онан құтылудың амалын іздедім. Ақыры Атырауға келем деп шештім. Мен жақында ғана 34 жасқа толдым. Сондықтан жалған ақпарат таратқандар алдында құқығымды қорғағым келеді “, – дейді жары.

Қанат Дүйсенов пен Гөззал Қошмұратова жалған ақпаратты естігенде екі күн қан қысымы көтеріліп, өзін нашар сезінгендерін айтады.

 Видеоға кімнің түсіріп, оны кімнің таратқанын да білмеймін. Ақпаратты естігенде не дерімізді білмей қалдық. Әйелім кемпір емес. Менімен құрдас. Екеуміз де  1983 жылы туғанбыз. Осындай әйел тапқаным үшін бақыттымын”, – дейді Қанат.

Келін түсірген Қанаттың көршілері де бұл ақпараттың қалай тарап кеткенін білмейді. 

 

Жаңалықтар
0