АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. Баян Алагөзова тағы да жұрттың назарын өзіне аударды. Ол бұл жолы продюсер әнші Мөлдір Әуелбекованы БАҚ-қа бірге сұхбат беруге шақырды.
Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова отандық сайттардың біріне берген сұхбатында Баян Мақсатқызы "Кешью" тобының қыздарын ашық-шашық киінуге мәжбүрлегенін мәлімдеп, өзі құрған "Nazar" тобында сол қателіктерді қайталамауға тырысатынын айтқан. Оның сөзіне қарағанда, "Кешью" құрылғанда Баян мен Бағым қыздарды ашық киіндіру арқылы ауқымды аудитория жинағысы келген.
"Маған ашық-шашық киінген ұнамайтын. Сол үшін мен 2 жылдан кейін "Кешью" тобынан кеткен болатынмын. Кейін қайтадан сөйлескеннен кейін Баян мен Бағымға айттым: "Осылай-осылай, мен сіздердің киімдеріңізді кимеймін, қарсымын" – деп. Содан кейін менің талабым орындалып, ән айту бағытын да өзгерттік. Мысалы, "Сүгірдің термесі" сияқты әндерді айттық", – деген Әуелбекова.