Қоғам

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуҚар жауып тұр, архивтегі фото
Қар жауып тұр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, бұрқасындатады

АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, тек батыста, оңтүстік-шығыста күн ашық. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады, деп хабарлады Қазгидромет. 

Синоптиктердің болжауынша Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді – 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты
Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады және жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді. 

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 

Павлодар облысының кей жерлерінде жел күшейеді – 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде көктайғақ болады. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін. 

Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарында тұман түседі.


Жаңалықтар
0