Саясат

Бекетаев Елбасының жаңа мәртебесі халыққа не беретінін айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновМарат Бекетаев
Марат Бекетаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа мәртебесі тұрақтылық кепілдігін береді

АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Әділет министрі Марат Бекетаев Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіне өмір бойы төрағалық етуге құқық беретін заң жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Кейбір сарапшылардың пікірінше, бұл заң жобасы елімізде билік транзиті үшін жағдай жасауды көздеуі мүмкін. Журналистер министрден осыған қатысты пікірін сұрады. 

"Мен сарапшылардың пікірімен келіспеймін. Бұл жоспарлы жұмыс. Бізде конституциялық реформа жүргізілді. Осы конституциялық реформа аясында Елбасы Қауіпсіздік Кеңесін әрқашан басқарады деп анықталды. Бұл тағы бір рет Елбасының ерекше мәртебеге, халықтың айрықша сеніміне ие екенін көрсетеді. Қазіргі терроризм, экстремизм қауіп-қатері төнген уақытта бұл өте өзекті. Еліміз, халқымыз үшін тұрақтылық факторы аса маңызды. Бұл жердегі мәселе мемлекеттегі тұрақтылықты қамтамасыз ететін тетіктерді күшейту болып отыр", — деді Бекетаев брифингте.  

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие болуы мүмкін

Оның айтуынша, Елбасының жоғары мәртебесінің арқасында біздің еліміз өңірдегі тұратылықты да қамтамасыз етіп отыр.

Айта кетейік, президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық ету құқығын беру ұсынылып отыр. Парламентке  келіп түскен "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" заң жобасында осындай норма қарастырылған. 


Жаңалықтар
0