АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Беларусь тұрғыны әйелінің адалдығына күмәнданып, ұлының өзінікі екеніне ДНҚ тесті арқылы көз жеткізбек болады. Зертхана қорытындысы бойынша бала басқа біреуден болып шыққан, оған ашуланған отағасы әйелі мен ұлын тастап кеткен. Дегенмен тест нәтижесі қате екені анықталып отыр, енді ол мемлекеттік комитеттің зертханасымен соттасып, өтемақы талап етпек, деп хабарлайды TUT.BY порталы.
Белгілі болғандай, ер адам бұрынғы әйелі қайта қосылғысы келмегендіктен ажырасуға шешім қабылдаған. Баламен де қарым-қатынасын үзіп алған.
"Ол құжаттарды көріп, есеңгіреп қалдым. Оның баласы екеніне 100% сенімді болдым, сондықтан қайта сараптама жасатайық дедім. Алайда ол (баланың әкесі – ескерт.) тіпті естігісі де келген жоқ ", — дейді 24 жастағы әйел.
Әйел Могилевская облысындағы мемлекеттік сот сараптама комитетінің бсқармасында қайта сараптама жасатуға күйеуін көндірген. Сарапшылар бұл жолы әке мен баланың туыстық деңгейі 99,999993%-ды көрсеткенін хабарлайды.
Қазір ер адам баласымен қарым-қатынас жасамайды, енді соттың шешіміне жоғары инстанцияға шағым түсірмекші.