Қоғам

Сайлыбаева: аяз қайтып жатыр, алайда оның орнын қар мен бұрқасын басады

© Photo : из личного архива"Қазгидромет" инженер-синоптигі Лаура Сайлыбаева
Қазгидромет инженер-синоптигі Лаура Сайлыбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үш күннен кейін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады, жел күшейеді
АСТАНА, 8 ақпан — Sputnik.  Елімізде алдағы үш күнде аяздың беті қайтады, дегенмен 10 ақпанда кей өңірлерде бұрқасын болады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға "Қазгидромет" инженер-синоптигі Лаура Сайлыбаева.

"Еліміздегі ауа райын анықтайтын ауқымды антициклон ақырындап Батыс Сібірге шегіне бастады, онымен бірге аяз да қайтып жатыр. Алдағы екі тәулікте Қазақстанның көптеген облысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Алайда 10 ақпанда солтүстік-батыс, солтүстік және орталық облыстардың кей жерлерінде қар жауып, бұрқасындатады, күшті жел соғады деп болжануда", — дейді Сайлыбаева.

Ал бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, тек батыста, оңтүстік-шығыста күн ашық. 
Қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді – 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін.  
Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді – 15-20 м/с. 
Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді. 
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 
Павлодар облысының кей жерлерінде жел күшейеді – 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде көктайғақ болады. 
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз  жел 15-20 м/с күшейеді. 
Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарында тұман түседі деп болжанып отыр.
 

Жаңалықтар
0